Республикалық конкурс «Қазақстан Республикасы колледждерінің Топ 100 студенті»

27.02.2025

Жыл сайын елімізде талантты жастарды қолдау және жұмысшы біліктіліктерін дәріптеу мақсатында «Қазақстан Республикасы колледждерінің Топ 100 студенті» республикалық конкурсы өтеді. Биылғы жылы «Қазақстан Республикасы колледждерінің Топ 100 студенті» республикалық байқауының өңірлік кезеңіне Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінен Аленова Анара Қанатқызының кандидатурасы жолданды. Анара колледждің үшінші курсында «Агрономия» мамандығы бойынша оқиды, оқу үздігі. Барлық сабақтан тыс іс-шараларға, конкурстарға қатысып, колледждің салтанатты іс-шараларында жүргізуші рөлін атқарады. Колледждің еріктілер қозғалысының белсенді қатысушысы. «Экологияның заманауи мәселелері және оларды шешу жолдары» халықаралық экологиялық жобалар конкурсына қатысып, III орын алып, жеңіске жетті. Сондай – ақ, «Агрономия» құзыреттілігі бойынша «AgroSkills-2024» өңірлік байқауына қатысып, II орын алды. Биылғы жылдың маңызды оқиғасы оның жұмысшы мамандықтар жылына арналған республикалық фестивальге қатысуы болды, онда Анара келушілерге біздің мамандық туралы айтып, студенттер оқу-зертханалық сабақтарда пайдаланатын жабдықтардың жұмысын көрсетті. Байқауға Анара мотивациялық хат жазып, «Экология және химияландыру: келісімге келу мүмкін бе?» тақырыбы бойынша жоба идеясын ұсынды. Алда өңірлік турдың қорытындысы, Анараға осы байқауда сәттілік пен жеңіс тілейміз.

#КолледждіңТоп100студенті

#АнараАленова

#ЖАШҚ



Текст
Виртуальная приемная